Том Круз америкалық басылымдардың бірін сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Том Круз америкалық басылымдардың бірін сотқа берді

Том Круз америкалық басылымдардың бірін сотқа берді

Белгілі актер Том Круз «Лайф энд Стайл» журналын сотқа беріп, басылымнан 50 млн доллар көлемінде моральдық шығын талап етіп отыр. Оның сотқа шағымдануына журналда қызы Суридің жылап тұрған суреті мен «Сури неге жылайды? Оны әкесі тастап кетті» деген мақала түрткі болыпты.

  • 25 Қазан 2012
  • 279
Фото - Caravan.kz

«Том Суриден әкелік қамқорлығын аямайды және оны қатты жақсы көреді. Сури қашанда оның өмірінің мәні болып қала бермек. Ал Том қызын тастап кетті деген қауесет жалған», — деді актердің адвокаты Берт Филдс.

Мақаланың тақырыбы алыстан менмұндалап тұрғаны болмаса, онда Томның қызын тастап кеткені туралы бірді-бір сөз жазылмаған. Автор Сури суретте ата-анасы күшік әпермегені үшін жылап тұр» деп жазыпты. Бірақ, мақаланы оқитындардан гөрі журналдың сыртын көретін адамдардың саны әлдеқайда көп, дейді адвокат.
Оның айтуынша, Т.Круз өзінің атына жұққан күйеден арылмақ. Өтемақы ретінде өндіріп алынған қаржыны ол қайырымдылыққа жұмсайды, деді Б.Филдс.

Соңғы жаңалықтар