"Электрошокермен күйдіріп, қинаған": Заңгер Ләззат Ахатова Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару Қалдыбекқызы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Электрошокермен күйдіріп, қинаған": Заңгер Ләззат Ахатова Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару Қалдыбекқызы туралы

"Электрошокермен күйдіріп, қинаған": Заңгер Ләззат Ахатова Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару Қалдыбекқызы туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Заңгер өз ойын Facebook желісіндегі парақшасында білдірді. "Әнарумен сөйлестім. Жел

  • 27 Тамыз
  • 5135
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Заңгер өз ойын Facebook желісіндегі парақшасында білдірді.

«Әнарумен сөйлестім. Желіде барын білмеппін. Өзі достық ұсыныпты. Шілде айында басқа ер адамның үстінен жазған арызы жайлы сұрадым. Түсінгенім-боксер еркексымақ қызды жайына қалдырмаған. Қайда барса да, ізін аңдыған. Ал шілде айында белгісіз еркек тарапынан орын алған зорлық әрекетті Жанқоштан күдіктенетінін айтты. Өйткені, ол адамды мүлде танымайды екен. Мейрамханадан шығып, таксиге мінбек боп, келе жатқанда болған. Анықтап сұрамадым. Бейтаныс адам зорлап кеткен. Жанқоштан не үшін күдіктендің деген сұрағыма, сол жерде болатынын одан басқа ешкім білмегенін айтты. “Сенің басыңдағы жағдайға қандай реакция болды?”-деп сұрадым.

Жауаптарынан қыздың боксшның үстінен не үшін арыз бергенін түсінгендей болдым. Өзі айтқандай, сүйген қызын біреу зорлап кетсе, ер-азаматтар қандай реакция білдіреді, айтыңыздаршы, жігіттер? Ал мына серісымақ басқа тақырыпқа аударып, тыңдағысы да келмеген. “Сенің тірлігің ғой” десе, басын алып қашқан. Қандай адам, қай уақытта, қай жерде деп те сұрамаған..

Содан бастап, Әнару ол жігіттің кім екенін анық түсінсе керек. Арыздардың жазылуына осы жағдай түрткі болған деп түсіндім..

Енді “не үшін қыз бала мейрамханада жүреді?”, андай, мындай, пәлен-түген деген топас түсініктеріңізді өз қыздарыңызға тықпалаңыздар. Қазір 21 — ғасыр! Құдайға шүкір, зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Сосын ТВ дәл осы жерін үзіп тастаған. Одан өзге, бір журналист көршілерінен жауап алыпты-мыс. Олар қыз туралы жақсы айтпапты-мыс. Журналистерге тергеу аяқталмай жатып, алдын-ала дайындалған адамдардан сұқбат алып, оны жариялауға кім құқық берген? Журналистік зерттеу деген барын білеміз. Алайда тергеудегі іс бойынша тергеу құпиясын сақтамағаны үшін жауапқа тартылатынын тілшілер білмей ме?», — деп жазды журналист.

Әнарудың қорғаушысы Ләззат Ахатова жәбірленушінің Жанқош Тұраровқа қарсы

Әнару Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 және 2023 жылы екі рет арыз жазғанын айтты

«2018 жылы Алмалы аудандық полиция бөліміне арыз берген екен. Бір күн қамауда ұстап, арызын қабылдамай, жіберген. Ол жолы оперлар ұрып-соқпаған(!) Қамап, босатып жіберген. Куә болған құрбысы бар. Қажет болса, тергеуге де, сотқа да барып, куәлік ете алам деп отыр. Бұл бір.

Екінші рет, 2023 жылы жәбірленуші Тұраровқа қарым-қатынасты тоқтататынын айтып, енді жайына қалдырмаса, үстінен арыз жазатынын айтқан. Артынша көшеде Әнаруды полицейлер ұстап, машинаға салып, Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне алып келіп, бірнеше сағат ұрып-соғып, электрошокермен күйдіріп, қинаған», -деп жазды адвокат.