«Топастар-ай»: Киікті малша қырғандар елдің ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Топастар-ай»: Киікті малша қырғандар елдің ашуына тиді

«Топастар-ай»: Киікті малша қырғандар елдің ашуына тиді

Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы киікті малша қырғандар жайлы жанайқайын жеткізді.

  • 24 Қазан 2023
  • 50
Фото - Caravan.kz

Ол киікті тым құрыса етін керек ететін елдерге тірідей сатуды ұсынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сәуле Әбілдаханқызы бұл ойын желідегі парақшасында жеткізді.

«Ай, топастар-ай… Ең құрымаса, етін керек ететін елдерге тірідей сатыңдар, тіпті болмаса, сойып, етін экспорттаңдар, тым болмаса, аш елдерге қайырымдылық азық ретінде жіберсеңдерші… Шаш ал десе, бас алатын есектердің өздерін осылай қырып салса ғой…»,-деп жазды ол. 

Көпшілік қоғам белсендісін қолдап, киіктің киесі ататынын ашып айтқан.

«Киіктің киесі атады дегенді ұмытты-ау бұлар», «Киікті атқанша көшедегі қаптаған итті атпай ма?», «Обал-ай», «Соншама топастыққа шек бар ма?!» деп жазды олар.