«Топуз» халықаралық фестивалінде 38 елдің мультипликаторларының үздік туындылары анықталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Топуз» халықаралық фестивалінде 38 елдің мультипликаторларының үздік туындылары анықталады

«Топуз» халықаралық фестивалінде 38 елдің мультипликаторларының үздік туындылары анықталады

Грузияның Батуми қаласы биылғы жылы алтыншы рет анимациялық фильмдердің «Топуз» халықаралық фестивалін өткізеді. Онда 38 елдің мультипликаторлары өз туындыларын ұсынады.

  • 3 Қазан 2014
  • 430
Фото - Caravan.kz

Фестиваль қонақтарының назарына 2013-2014 жылдар аралығында грузиялық және шетелдік аниматорлар жасаған үздік мультипликациялық ленталар таныстырылады. Фестиваль 6-11 қазан аралығында өтеді. Оның мақсаты — Грузияда анимациялық жанрдың дамуына септесіп, шетелдік әріптестермен жаңа байланыстар орнату.

Фестиваль жеңімпаздары 7 аталым бойынша анықталады, атап айтқанда, «Үздік балалар фильмі», «Ересектерге арналған үздік фильм», «Үздік дебют», «Үздік телехикая», «Үздік эксперименталды фильм», «Балалар түсірген үздік фильм», «Үздік студенттік фильм» аталымдары бойынша гран-при табысталады. Байқау номинацияларындағы жеңімпаздарды халықаралық төрешілер анықтайды, ал балалар түсірген үздік фильмді балалар төрешілері таңдайды.

Грузияның анимацияны дамыту қорымен ұйымдастырылған фестиваль осы елдің ескерткіштерді қорғау және мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.


Перейти к новостям спорта