Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 8
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз", – делінген жеделхатта.

АҚШ-тағы жойқын торнадо

АҚШ президенті Джо Байден торнадо мен дауылдан Кентукки штаты қатты зардап шеккенін айтып, федералды көмек көрсетуді тапсырды, деп мәлімдеді Ақ үй.

Өткен сенбіде Байден жойқын дауылға байланысты штатта төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ елді мекендерді қалпына келтіру операциясына қосымша федералды көмек көрсетуді бұйырды.


Федералды көмекке апаттан кейін азаматтар мен кәсіпорындарды қолдау бағдарламасы, соның ішінде уақытша баспанаға гранттар мен мүлік шығынын өтеу үшін төмен пайызбен кредит беру шаралары кіруі мүмкін.

Бұған дейін Кентукки губернаторы Энди Бешир штатта жойқын торнадодан 80 адам қаза тапқанын, құрбандар саны көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Dozens of people are dead after tornadoes and severe storms hit the central U.S., with at least 70 estimated killed in Kentucky alone. In Mayfield, Ky., a candle factory was hit, leading to multiple fatalities. https://t.co/2FBYLDy7rR pic.twitter.com/jNeeaVM8eJ

— NPR (@NPR) December 11, 2021

​Торнадо мен дауыл 11 желтоқсанда АҚШ-тың шығысын ойрандап кетті, атап айтқанда, Иллинойс, Миссури, Арканзас, Кентукки және Теннесси штатындағы елді мекендер қирады. Арканзастағы қарттар үйінде кем дегенде бір адам көз жұмды. Теннесси штатында үш адам ажал құшты.