Тоқаев ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты

Тоқаев ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты

Президент белгілі ақын, мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

  • 4 Қаңтар 2023
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз.


Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін!»,-делінген жеделхатта.