Тоқаев Аружан Саинды жаңа қызметке тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Аружан Саинды жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев Аружан Саинды жаңа қызметке тағайындады

Бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін Сәуле Айтпаева атқарған болатын.

  • 19 Шiлде 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", — делінген жарлық мәтінінде.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Сәуле Айтпаева президенттің өкімімен қызметінен босатылды.

Аружан Саин туралы не білеміз

Аружан Саин Қызылорда қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне (қазіргі ҚазҰУ) география факультеті, экология жцне мониторинг кафедрасына оқуға түсті.

2006 жылы "Мейірім" ерікті қоғамы" қайырымдылық қорын құрды. Қор балалар мен сәби үйлеріне, сондай-ақ науқас балаларға көмек көрсетеді.


Сондай-ақ, Саин қор аясында ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне ақша жинап, бала асырап алу, инклюзия мәселелерімен айналысады.

2012 және 2015 жылдары Аружан Саин "Жылдың қоғам қайраткері" номинациясы бойынша "Халық сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің лауреаты атанды.

Соңғы жаңалықтар