Тоқаев Ассамблея сессиясында не айтты? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Ассамблея сессиясында не айтты?

Тоқаев Ассамблея сессиясында не айтты?

 

  • 29 Сәуiр 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА отырысында сөйлеген сөзінде не айтты? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Республикалық референдум өткізу ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Президент референдум маңызды демократиялық институт екенін, бірақ Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы, қазіргі Конституция бекітілген кезде өткенін айтты. Бұған дейін жалпыхалықтық референдум 1995 жылы 2 рет өткізілген болатын.

"Одан кейін "Республикалық референдум туралы" конституциялық заң қабылданды, бірақ ол әлі күнге дейін қолданысқа енген жоқ. Содан бері Конституцияға төрт рет түзетулер енгізілді. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі болады деп санаймын", — деді Тоқаев.

"Тіл патрульдерінің" әрекеті туралы

Тоқаев "тіл патрульдерінің" әрекеті Қазақстанның ұлттық бірлігіне нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл әрекеттің бәрін арнайы қызметтер тапсырмасы бойынша жұмыс істейтін кәсіби арандатушылар ұйымдастырады.

"Жаңа Қазақстан" түсінігін бұрмалап алдық па?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды "Жаңа Қазақстан" түсінігін бұрмаламауға шақырды.

"Сондай әдетіміз бар — қандай да бір саяси жаңалық шықса, соның төңірегінде пікірталас өрбиді, содан кейін бұл пікірталас жәй мылжыңға айналады. Қандай да бір түсінік, термин немесе саяси категория бұрмаланып, біздің тұрғындарға, әсіресе, жастарға мүлдем қызықсыз болып қалады", — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.

Ұлттық құрылтай отырысы болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 айдан кейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтетінін айтты. Құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға арналған. Ол құрылтай құрамына депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірдің, сондай-ақ, Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және өндірістік саланың өкілдері кіретінін жеткізді.

Арандатушылар туралы не айтылды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бірлікке, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіз саясат жүргізу құқығына нұқсан келтіруге тырысып жатқан арандатушылар туралы айтты.

"Біз арандатушылар қай жерде өмір сүрсе де, қандай төлқұжат артына жасырынса да, қандай тога киіп жүрсе де, біздің бірлігімізді, мемлекетіміздің тәуелсіз саясат жүргізу құқығын бұзбауы керек және бұза алмайды", — деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында.

Конституцияның 33 бабындағы түзетулер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға және елдің саяси жүйесіне түбегейлі әсер ететін өзгерістер енгізуге бастама көтергенін айтты. Оның сөзінше, біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшіп жатырмыз. Бұл сапалы ауысуды Екінші республика деп атауға болады. Сонымен қатар, жұмыс тобы негізгі заңның 33 бабына түзетулер дайындағанын, ал бұл бүкіл Конституцияның үштен бірі екені айтылды.