Тоқаев: Бақытты шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев: Бақытты шаңырақ – берекелі қоғамның  және мемлекеттің мызғымас тірегі

Тоқаев: Бақытты шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Отбасы күніне орай ата-аналар қауымдастығына құттықтау сөз арнады.

  • 15 Мамыр 2023
  • 136
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Бақытты әрі берік шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі. Отаншылдық пен жауапкершілік, парасаттылық пен ізеттілік, еңбекқорлық пен жасампаздық сияқты асыл қасиеттер ең жақын жандардың үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында қалыптасады. Ізгілік идеалдары мен қағидаларына негізделген тұлға дүниетанымы ата-ана тәрбиесінен бастау алады. Халқымыз қашанда шыққан тегіңді білуге және отбасы құндылықтарын ұлықтауға айрықша мән берген. Бүгінде бұл қасиеттер ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады",- делінген президенттің құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы институтын нығайту және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның міндеті екенін айтты.

"Ана мен баланы қорғау – біздің саясатымыздың басым бағыттарының бірі. Отбасы құндылықтарын сақтауға және дәріптеуге ата-аналар қауымы да зор үлес қосып келеді. Сіздер әрбір перзенттің тағдырына алаңдап, Отанымыздың болашағын ойлап, шынайы жанашырлық танытып жүрсіздер. Сіздерге және барша отандасымызға амандық, бақ-береке тілеймін! Жасампаздыққа толы игі істеріңіз табысты болсын
!",- деді президент Тоқаев. 

Еске салсақ, 15 мамыр — халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген.