Тоқаев Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына шақырту алды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына шақырту алды

Тоқаев Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына шақырту алды

Қазақстан президенті ҚХР үкіметінің Еуразия елдеріне қатысты істер жөніндегі арнаулы өкілі Ли Хуэйді қабылдады.

  • 30 Желтоқсан 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Ли Хуэйге ілтипат білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ҚХР-дің Қазақстандағы елшісі болған кезде қосқан үлесін атап өтті. Президент өзара ықпалдастықты атап өтті. Ол мәңгі ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті нығайту туралы бірлескен декларацияның аясында қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Құжатқа 2019 жылы қыркүйекте Тоқаевтың Пекинге мемлекеттік сапары барысында қол қойылған болатын.

"Мемлекеттеріміз арасындағы достық қатынастар әрқашан дами береді. Пандемияға байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, биыл 10 ай ішінде екі ел арасында сауда көлемінің өскені байқалады. Келесі жылы және алдағы жылдарда сауда-саттық табысты дами береді деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қытайлық дипломат Қазақстан президентіне келесі жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақыруын табыстады.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Хуэйді өзара тиімді қазақ-қытай ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Перейти к новостям спорта