Тоқаев Google компаниясында істейтін қазақ қызын елге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Google компаниясында істейтін қазақ қызын елге шақырды

Тоқаев Google компаниясында істейтін қазақ қызын елге шақырды


Президент шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандық ІТ мамандармен кездесті, - деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

  • 22 Қыркүйек 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Google компаниясының инженер-программисі Арай Сабыржан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік IT компаниядағы жұмысынан алған әсерін айтты.

Қазақстандық 2017 жылы Алматыдағы халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған. 2018 жылы Сан-Францискоға көшіп, бірнеше стартап-компанияда жұмыс істеген. Ал қазір Google компаниясында виртуалды машиналар бағдарламашысы болып қызмет етеді.

Президент одан Google-дағы келісімшарты қысқа мерзімді ме деп сұрады. Арайдың айтуынша, келісімшарт ұзақмерзімді.

Осы орайда мемлекет басшысы қазақ қызына елге оралуды ұсынды.

"Қазақстанға қайтып келсеңіз, мен сізді үкіметке қояр едім ғой. Жақсы, енді байланыста боламыз ғой. Америкада жақсы, бірақ Қазақстан деген керемет қой. Мен Қазақстанда істей аласыз деп ойлаймын", — деді Тоқаев.

Еске салсақ, 19 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды.


Сапар аясында мемлекет басшысы жаһандық қаржы институттарының басшыларымен, сонымен қатар трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесті.

Бүгін, 20 қыркүйекте Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.

Соңғы жаңалықтар