Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитін кешіруді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитін кешіруді тапсырды

Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитін кешіруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырды.

  • 26 Маусым 2019
  • 167
Фото - Caravan.kz

Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Үкімет бір жолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті келесі талаптарда өтеу жөнінде шаралар қабылдасын:

1) көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып табылады.;

2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

3) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды", — делінген қаулыда. Президент Үкіметке және Ұлттық Банкке тапсырма берді:

1) 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан азаматтарына есептелген айыппұлдар мен өсімдерді есептен шығару жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.


3) Ұлттық банк қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту жөніндегі реттеушілік сипаттағы шаралар кешенін қабылдасын.:

1. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу;

2. табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салу;

3. кепілсіз тұтынушылық заемдарды беру кезіндегі қосымша реттеу шаралары.

Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.шетелдік ақпарат тұрақты түрде жедел штабпен таратылады.