Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын", — деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары басталған еді.