Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Бүгін Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", — дейді Президент Twitter желісіндегі парақшасында.
Тоқаев Ливан Президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде бергенін айтты.
Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған.