Тоқаев өз суреті ілінген билбордтар туралы: маған мұндай насихат қажет емес - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев өз суреті ілінген билбордтар туралы: маған мұндай насихат қажет емес

Тоқаев өз суреті ілінген билбордтар туралы: маған мұндай насихат қажет емес

Билбордтарды мемлекетіміздің нақты жетістіктерін көрсетуге арнау керек.

  • 12 Сәуiр 2019
  • 47
Фото - Caravan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда орнатылып үлгерген, өз суреті салынған билбордтарды сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Ақтауда менің суретім салынған 14 билборд орнатылғанын хабарлады маған. Мұны мүлдем орынсыз деп санаймын, маған ондай насихаттың керегі жоқ. Ондай әкімшілік пысықайлық не керек? – деді ҚР Президенті Маңғыстау облысының қоғам өкілдерімен кездесу барысында.

Оның айтуынша, билбордтарды Елбасы бастаған мемлекетіміздің нақты жетістіктерін көрсетуге арнау керек.


– Бұл менің барлық әкімдерген беретін нұсқауым, – деді ҚР Президенті.

Бұған дейін Президент пен Тұңғыш Президенттің суреті салынған баннерлердің фотосы желіде тарап кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар