Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке барды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына барды", — делінген Ақорда хабарламасында.
Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.