Тоқаев пен Жээнбеков 1916 жылғы көтеріліс құрбандарына құрмет көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев пен Жээнбеков 1916 жылғы көтеріліс құрбандарына құрмет көрсетті

Тоқаев пен Жээнбеков 1916 жылғы көтеріліс құрбандарына құрмет көрсетті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековтың шақыртуымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келді.

  • 28 Қараша 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооранбай Жээнбеков Бішкектегі «Ата-Бейит» мемориалды кешеніне барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қырғызстан Президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемориал 1916 жылғы Николай патшаның еңбек мобилизациясы үкіміне қарсы шыққан Орта Азия  көтерілісшілерінің рухына арналған. Көтеріліс басшылары Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдин болған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековтың шақыртуымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келді.

Тоқаевтың Қырғызстанға сапары

  • Сапар барысындағы келісімдер жоғары деңгейде кеңейтілген әрі шағын құрамда өтеді деп жоспарланды. Президенттер бірлескен декларациямен Жоғары кеңестің шешіміне қол қойып, 2020-2022 жылдардағы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Ынтымақтастық туралы кешенді бағдарламаны бекітеді.

  • Сондай-ақ, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылады.
  • Келісім нәтижесі бойынша екі ел көшбасышлары баспасөз қызметтеріне хабарландыру өткізеді.
  • Бейсенбі, қарашаның 28-і Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысады.
Соңғы жаңалықтар