Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохадағы Қатар экономикалық форумы барысында Ресей басшысы Владимир Путинмен өзара қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
"Владимир Путин сіздің соңғы кездесуіңізден кейін Қазақстанның тұрақты әрі сенімді одақтасы болып қала береді ме?",- деп сұрады Тоқаевтан Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэнни.
"Иә, ол бұрынғыдай Қазақстанның сенімді одақтасы. Мен өз елімнің президенті ретінде Путинмен жақын қарым-қатынаста болғаныма қуаныштымын. Солай болуы керек", — деп жауап берді Тоқаев жүргізушіге.
Сондай-ақ, президент Ресей басшысы оңаша әңгіме барысында Донецк пен Луганск мәселесі бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы еш нәрсе айтпағанын атап өтті.