Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы журналистер сұрағына жауап берді.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент өкілеті азайып, Парламентке берілді. Бұл бетін аулақ қылсын, қаңтар оқиғасы секілді мемлекеттің тағдыры шешілер сәтте дер кезінде уақыт оздырмай шешім қабылдауға кедергі етпей ме?" — деп сұрақ қойды тілші Президентке.
"Президент Мемлекет басшысы ретінде әр тәсілді қолдануға құқылы. Сондықтан, ешқандай текетірес жоқ. Яғни Парламент пен Президенттің арасында тепе-теңдік болуы керек. Сондықтан, бұл демократияның бір көрінісі деп ойлаймын, қару-жарақты не болмаса басқа да тәсілдерді пайдалану бойынша ешқандай тосқауыл болмайды Президентке. Жалпы айтқанда қаңтар оқиғасы біздің елімізде қайталанбас. Бұл мәселе бойынша менің ешқандай күмәнім жоқ", — деді Президент.