Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды құттықтады

Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды құттықтады

 

  • 19 Қазан 2023
  • 4
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!" — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.