Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Коронавирус дағдарысын өткерудің ең тиімді және жүйелі шарасы — жаппай вакцинация екені белгілі. Елімізде бұл үрдістің сапалы өтуіне барлық жағдай жасауымыз керек. Сондықтан 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакцинациядан өткізуді үкімет пен әкімдіктегілерге тапсырамын", — деді Тоқаев.
Бұған қоса, ол міндетті түрде қазақстандық вакцина салғызатын жеткізді.
"Отандық вакцинаның жағымды нәтижелеріне үмітіміз зор. Егер барлығы біз ойлағандай болса, мен дәл осы қазақстандық екпені өзіме салғызамын", — деп қосты президент.
Бұған дейін Тоқаев елдегі жаппай вакцинацияға байланысты дүрбелең туғызбауды тапсырған болатын.