Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 1 Маусым 2022
  • 43
Фото - Caravan.kz

Ол бұл датаны ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам деп атады.

“Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.

Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да ұйымдастырылған”, – деді ол өз сөзінде.

Тоқаев сондай-ақ, "Балалар жылы" аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынғанын атап өтті.


Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады”, – деді ол.