Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
"Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.
Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі", — деп жазды ол.