Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді.

  • 10 Қыркүйек 2019
  • 75
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.

Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі", — деп жазды ол.


Соңғы жаңалықтар