Тоқаев референдумда өз таңдауын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев референдумда өз таңдауын жасады

Тоқаев референдумда өз таңдауын жасады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді.

  • 5 Маусым 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы астанадағы №59 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады. Комиссия мүшелері алдымен Тоқаевты тізім бойынша тексерді. Одан кейін дауыс беру бюллетенін берді. Президент кабинкада көп бөгелген жоқ.

Бюллетеньде белгі қойды да, сыртқа шығып, дауыс беру парағын стационарлық жәшікке салды. Айта кетері, референдумда дауыс беру науқаны кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Содан учаскелердің есігі жабылып, бюллетеньдерді санау жұмысы басталады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі конституциялық өзгерістерді қолдаса, түзетулер бірден Ата заңға енгізіледі. Ол үшін арнайы жарлық пен қаулы қабылдаудың қажеті жоқ.


Перейти к новостям спорта