Тоқаев Санкт-Петербургке барды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Санкт-Петербургке барды

Тоқаев Санкт-Петербургке барды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке барды.

  • 17 Маусым 2022
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

17 маусымда түске дейін мемлекет басшысы Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.

"Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады", — деп хабарлады БОРТ 1 Telegram каналы.


Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.