Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ, ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты", — делінген хабарламада.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын. Сапар барысында Президент Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысатыны айтылған еді.