Тоқаев Шымкент әкімі "болмай қалған" шенеунікті басқа қызметке тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Шымкент әкімі "болмай қалған" шенеунікті басқа қызметке тағайындады

Тоқаев Шымкент әкімі "болмай қалған" шенеунікті басқа қызметке тағайындады

Асқар Бейсенбаев Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі болды.

  • 12 Тамыз 2019
  • 35
Фото - Caravan.kz

Асқар Бейсенбаев  Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Ермұхамет Ертісбаев атқарған болатын.


Естеріңізге кетейік, 30 шілде күні бірнеше БАҚ-та "Асқар Бейсенбаев Ғабидолла Әбдірахымовтың орнына Шымкент әкімі болып тағайындалды" деген ақпарат тарады. Алайда бұл жалған мәлімет болып шықты. Кейіннен бұл қызметке Түркістан облысының Отырар ауданын басқарған Ерлан Айтаханов тағайындалғаны белгілі болды.  

Соңғы жаңалықтар