Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.

  • 30 Сәуiр 2020
  • 1320
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 11 мамырдағы 00 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", — делінген жарлықта.