Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
"Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде", — деп жазды президент твиттерде.
Қабылданған шешімді үкімет дүйсенбі, 30 наурызда жария етеді.
Соңғы деректер бойынша республикада коронавирус жұқтырған науқастардың жалпы саны – 229. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.
- Нұр-Сұлтан қаласында — 135 адам
- Алматы қаласында – 60 адам
- Қарағанды облысында – 7
- Ақмола облысында — 6 адам
- Атырау облысы — 5 адам
- Жамбыл облысында — 3 адам
- Шымкент қаласында — 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
- Алматы облысында — 4 адам
- Ақтөбе облысында — 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам
- Павлодар облысында — 1 адам
- Маңғыстау облысында — 1 адам
- Қызылорда облысында — 1 адам.