Тоқаев Үндістан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Үндістан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Үндістан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

  • 15 Тамыз 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді. Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.
 
Мемлекет басшысы Нарендра Модидің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.