Тоқаев ұстаздар жалақысын 2 есе өсіруді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев ұстаздар жалақысын 2 есе өсіруді тапсырды

Тоқаев ұстаздар жалақысын 2 есе өсіруді тапсырды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

  • 16 Тамыз 2019
  • 310
Фото - Caravan.kz

Президент конференцияның пленарлық отырысы кезінде ұстаздардың жалақысын екі есе өсіруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

«Педагогтар мәртебесін арттыру мақсатында 4 жыл ішінде ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын. Заң мен сәйкес шарттар мұғалімдердің өмірін барынша өзгертеді деген ойдамын. Үкіметтің міндеті – барлық қабылданған нормалардың тәжірибе жүзінде іске асуын қамтамасыз ету», — деді Тоқаев. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып жатқан шараға елдің түкпір-түкпірінен келген 2 мыңнан астам ұстаз қатысып жатыр. Олардың ішінде мектеп, колледж мұғалімдері мен ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар. 


Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыға салынып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы үздік ұстаздарды марапаттады. 

Соңғы жаңалықтар