Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады."Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі", — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи және Баку қалаларына ресми сапармен баратыны хабарланған болатын.