Тоқаевтың швейцариялық банктен шот ашқаны рас па – баспасөз хатшысы жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаевтың швейцариялық банктен шот ашқаны рас па – баспасөз хатшысы жауап берді

Тоқаевтың швейцариялық банктен шот ашқаны рас па – баспасөз хатшысы жауап берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың офшорлық шоты мен шетелде жылжымайтын мүлкі жоқ. Бұл жайлы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

  • 21 Ақпан 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ", — деп жазды ол Facebook-те.

Сондай-ақ ол Тоқаевтың бұрынғы жұбайының да ешқашан қаржылық шоты болмағанын атап өтті.


Ал президенттің 38 жастағы ұлы Тимур Тоқаев – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген.

"Өздеріңіз білесіздер, президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын", — деп мәлімдеді Уәли.

Соңғы жаңалықтар