Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді

Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді

Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді

  • 12 Қаңтар 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

2021 жылға арналған міндеттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға арналған міндеттер осы айдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатын болады. Жалпы, пандемияның елеулі әсеріне және жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанның экономикасы тұрақты екенін көрсетті», — деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, нақты сектордағы негізгі салалар, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы өсім – экономиканың тұрақты болуының басты факторларына айналды.

«Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,9 пайызға, оның ішінде металлургия өндірісінде – 2,6, тамақ өнімдерінің өндірісінде – 4, фармацевтикада – 47, дайын металл бұйымдарының өндірісінде – 19,7, машина жасауда – 16,3, оның ішінде автомобиль жасауда – 52,5, сондай-ақ қағаз өнімдерінің өндірісінде – 16,4 және жеңіл өнеркәсіпте 15 пайызға өсім қамтамасыз етілді. Құрылыс көлемі 11,2 пайызға артты. 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш 16,8 пайызға артты. Осындай жоғары көрсеткіш бұрын болмағаның атап өту қажет. Ауыл шаруашылығында тұрақты өсу 5,6% пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді», — деді ол.

Үкімет басшысы ОПЕК+ қол жеткізілген келісімдерді орындау қажет болып отырған жағдайларда тау-кен өндіру саласындағы өсімнің баяулағаны байқалатындығын айтты.


«Экономиканың тұрақтылығы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейінгі аралықта ұстап тұруға мүмкіндік берді, соның арқасында халықтың нақты табысы айтарлықтай төмендеген жоқ. Қазіргі жағдайда экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралардың тиімділігін алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттары, рейтингтік агенттіктер бірнеше рет атап өтті», — деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар