Жарияланды: 270

Тоқал алатындардың некесін қиған имамдар жауапкершілікке тартылады

Тоқал алатындардың некесін қиған имамдар жауапкершілікке тартылады

Өзбекстан билігі көп әйел алушылықпен күресуді бастады, деп жазады islam.kz 

Естеріңізге сала кетсек, өзбек елінде көп әйел алуға мемлекеттік деңгейге тыйым салынған. Тоқал алған ер адам жауапкершілікке тартылып, жазаланады: үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. Бұдан былай әйел үстіне әйел алғандардың некесін қиған имамдар да жауапкершіліктен жалтара алмайды.

"Қазіргі уақытта жұптасқандардың некесін мемлекеттен жасырып қиған діни қайраткерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасы әзірленіп жатыр",- деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев. 



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін