Тоқал болған қазақ қызы бұрынғы көңілдесінен пәтер алып беруін талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқал болған қазақ қызы бұрынғы көңілдесінен пәтер алып беруін талап етуде

Тоқал болған қазақ қызы бұрынғы көңілдесінен пәтер алып беруін талап етуде

Салтанат Қайранова есімді бойжеткен 2 жыл кездесіп жүрген бизнесмен азаматтан баспана талап етуде.

  • 24 Шiлде 2018
  • 744
Фото - Caravan.kz

28 жастағы бойжеткен 23 жасынан бастап 61 жастағы азаматтың тоқалы болған. Кейін көңілі жараспай ажырасып кеткен. Енді ол жастығымды ұрлады деп одан пәтер алып беруін талап етуде. Бұл жайлы үндеу жазып, желіге жүктеді. Видеода көңіл жарастырған азаматтың есімі Артем Аркадьевич екенін айтты, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.

“Ол менің жастығымды ұрлады, сондықтан Алматыдан тым болмағанда 1 бөлмелі пәтер алып берсін. Оның бизнесі, көлік жуу орны, дүкені т.б. кәсібі көп”, – дейді бойжеткен видеода.

Салтанат қазір сұлулық салонында жұмыс істейді. Жоғары білімі жоқ.

“50-ден асқандар еркектерді жаным сүйеді. Маған егде жастағылар ұнайды. Жағдайымды жасаса, өмірімнің соңына дейін тоқал болуға дайынмын”, – дейді ол.

Айтуынша, тоқал болуға оны өгей шешесі үгіттеген екен. Жас әрі сұлу болғандықтан тоқал бол деп үйретіпті.


“Махаббат деген ойыншық болып қалды. 60-тан асқандар жас қыздарға үйленіп жатыр. Жас қыздар оларды сүйгеннен қосылып жатқан жоқ. Олардың көздегені тек ақша. Артындағы бар мүлкін иеленіп қалсам деген ой. Махаббат жасқа қарамайды, өзінен үлкен адамға ғашық болдым деген бос сөз”, – дейді кәсіпкер Полатбек Жоланов.

Бұған дейін осы бойжеткен тоқал болу үшін бай азамат іздейтінін айтыпжар салған еді.