Тоқалы бар әйгілі адамдар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқалы бар әйгілі адамдар

Тоқалы бар әйгілі адамдар

«Тоқал десе, бәйбішенің берекесі кетеді» дегендей, бұл сөз қазіргі заманда әйелдердің құлағына түрпідей тиетіні рас. Көп талқыға салынып жатқан да – осы тақырып. «Өзбек байыса, там салады, қазақ байыса, қатын алады» демей ме қазақ! Тоқал алу жалқы отбасылық мәселеден жалпы әлеуметтік мәселеге айналып барады. Ер азаматтардың кейбірі тоқал алғанын жасырса, кейбірі ашық айтады.

  • 24 Қаңтар 2018
  • 2344
Фото - Caravan.kz

Qamshy.kz ақпарат агенттігі тоқалы бар әйгілі адамдарды оқырман назарына ұсынбақ.

Бекболат Тілеухан

 

Белгілі қоғам қайраткері, жыршы, әнші Бекболат Тілеуханның тоқалы бар. Ол өзінің төрт әйелі барын жасырмайды. Кез келген сұхбатта, кез келген бағдарламада ашық айта береді. Бекболат Тілеуханның айтуынша, тоқал алуын анасы қалаған екен. «Тоқал алу деген сөз – 18 жастағы қызды емес, жесір қалған әйелді алу. Тоқал алу шариғатқа қарсы дүние емес» деген пікірде. Қазір 11 баласы бар.

Досхан Жолжақсынов

Әйгілі актер Досхан Жолжақсынов та тоқал алған деседі. Желауыз жұрттың сөзіне сенсек, оның екінші әйелі – актриса, тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова. Бірақ Сүлейменованың өзі актердің тоқалы екенін мойындаған жоқ.

Жарылқасын Дәулет

Танымал сазгер Жарылқасын Дәулет екі әйелімен бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Оның үш қызы, бір ұлы бар. Өзінің айтуынша, жалғыз ұлдың артынан інілері ере берсін деген ниетпен тоқал алған. Сазгер екінші жарына үйлену үшін үйдегі бәйбішесімен ақылдасуды артық санаған. Екінші әйелі өзінен 30 жас кіші екеннін де, некесін қидырып, кейін ауылда той жасағанын да жасырмайды. Қазір осы тоқалынан Мұхаммед атты ұл сүйіп отыр.

Алтынбек Қоразбаев

Танымал әнші Алтынбек Қоразбаевтың тоқалы – Сандуғаш Стамғазиева. Бұл – жалпақ жұртқа белгілі жайт. Рамазан Стамғазиевтің қарындасы Сандуғаш бүгінде үлгілі ана атанған. «Қазақ әйелдеріне тән қасиет – бала тәрбиелеп үйде отыру» деп түсінетін Сандуғаш отбасы үшін өнерін құрбан етіп, Алтынбектің шаңырағын гүлдендіріп отыр.

Тоқтар Төлешов

 

Бұрынғы «сыра патшасы» Тоқтар Төлешов те бір әйелді қанағат қылмапты. Оның тоқалы болған Дина Нұралиева 2005 жылы «Қазақстан аруы» атағын иеленген. Бойжеткен бұл күнде дизайнерлік қырынан танылып жүр. Шымкент қызы 2009 жылы өткен «Әлем аруы» байқауында үздік 16 арудың тізіміне кірген. Дина – «Шымкент аруы» байқауын ұйымдастыратын сән агенттігінің директоры. Қазіргі күйеуі – кәсіпкер, кішкентай қызы бар.