Тоқмәдидің «Депутаттық корпус» қылмыстық тобына қатысы бары 15 жыл бұрын айтылған – Компромат - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқмәдидің «Депутаттық корпус» қылмыстық тобына қатысы бары 15 жыл бұрын айтылған – Компромат

Тоқмәдидің «Депутаттық корпус» қылмыстық тобына қатысы бары 15 жыл бұрын айтылған – Компромат

2002 жылы өзінде-ақ ресейлік Компромат.Ru сайты «Организованная преступность Казахстана: кто есть кто» атты мақаласында қаза

  • 14 Маусым 2017
  • 1291
Фото - Caravan.kz

2002 жылы өзінде-ақ ресейлік Компромат.Ru сайты «Организованная преступность Казахстана: кто есть кто» атты мақаласында қазақстандық кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің «Депутаттық корпус» қылмыстық тобына қатысы барын жазған.

Он бес жыл өткен соң қайырымдылық ісімен айналысатын әрі табысты кәсіпкер, бес баланың әкесі, салауатты өмір салтын ұстанатын діндар адам арнайы органдардың пайымы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болып шықты.

Ресейлік сайтың дан полный расклад атты материалында ең негізгі деген ондаған қылмыстық топтардың жетекшілері мен мүшелерінің аты-жөндері жазылған. Сондай-ақ 2002 жылы олардың қандай салаға ықпал еткені де көрсетіліпті. Олардың арасында «Төрт ағайынды», «Сары Алмаз», «Атаба», «Адай», «Киса», «Депутаттық корпус», «Абрам» сияқты қылмыстық топтар бар.


Сол кезде-ақ Алматыда күрделі қылмыстық ахуал қалыптаса бастағаны және оған тек дәстүрлі қылмыс әлемінің ордасынан бөлек құрамында бұрынғы спортшылар мен әскерилер, құқық қорғау өкілдері бар жаңа қылмыстық топ қалыптаса бастағыны білінді.

Қазір кәсіпкердің достары мен таныстары барлығы анықталып, Тоқмәдиді босатады дегенге сенімді.