Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Қазақ эстрадасының жұлдыздары “Ән мен әнші” бағдарламасының көктемде өтетін кешінің түсірілімінде болды.
Биылғы кеш өз ерекшеліктерімен көрерменін таңқалдырады,— деп жұлдыздар желіде жарыса жазуда.
Сәкен Майғазиев желідегі парақшасына түсірілім сәттерінен бірнеше қызық бейнежазбалар жүктеді.
Оның ішінде әнші Тоқтар Серіковтың “Айгерімдерге” арнап берген қалжың аралас батасын құлағымыз шалып қалды.
Эстрадамыздың сұлулары Айкерім Қалаубаева, Айгерім Мамырова, Ayree үшеуі бір жерде сұхбаттасып тұрғаны сол еді, Сәкен Майғазиев Тоқтар Серіктен бата сұрады.
Сол сәтте Серіков мырза:
“Армандарыңа жетіңдер, биік-биік белеңдерден өтіңдер, бар батамыз осы ғой, байға тиіп кетіңдер”,- деп қалжың араластырып бата берді.
Жарқын жүзбен осындай керемет күндерде жолығып, халқымызға әндерімізді арнап арқа-жарқа болғанға не жетсін?!,— деп сөзін аяқтады әнші.
Желі оқырмандары: “Батаны өлтірдіңіз аға”, "Қалаубаева амин дегені қалай кетті?”,”Бәрі де бақытты болуға лайықты”,”Жұптарыңызды табыңыздар”,”Әйкерім Қалаубаева жап-жас шіркін”,”Қасындағы қыздармен бірдей болып тұр ғой Қалаубаева”,-деп пікір жазды.