Сөзі: Рамазан Амантай
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Бұл әніме Ыбырайдың жырын алам.
Атұстар тілеп едім құбыладан,
Нұры боп түсіп қалдың ау шұғыладан,
Қайырмасы:
Айналайын, ұлым, менің Төренұрым.
Өзіңменен мақтанса екен, шіркін ұлы далам.
Балам, балам, балам
Бала қайда маған?!
Атаң көрмей тұрған кезде, иіскеп, иіскеп алам.
Наркескен болып шығады ау нәрестем де,
Наркескен болып шығады белестерге.
Құлыным, аман болсақ осы әнімді,
Дуэт болып айтамыз, сен өскенде.
Қайырмасы: