Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте болған шудың қалай шыққанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте болған шудың қалай шыққанын айтты

Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте болған шудың қалай шыққанын айтты

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концертінде шыққан дау үшін кешірім сұрады.

  • 24 Желтоқсан 2017
  • 1267
Фото - Caravan.kz

Әнші бұл жөнінде Instagram парақшасындағы тікелей эфирінде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші оқиға жайлы бірінші кезекте "Өтірік" деп пікір білдірген себебін айтты. "Ең бірінші өтірік деп салған себебім — видео толық нұсқа болмағаннан кейін ол өтірік болып жетті сіздерге. Ал егер де ол шал… үлкен кісіні шал деймін-ау, шал да қалмады ғой қазір қазақта, шауқан болды ғой бәрі. Аталы ақсақалдар да азайды ғой. Сондықтан сондай үлкен кісілердің келіп, бұрынғыда ауылыңа алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп, қолынан алмаушы ма еді. Қазіргі үлкен кісілерден ондай жоқ тек. Өтірік деп жазғаным сол еді", — деп түсіндірді ол. Сондай-ақ, әнші кешірім сұрады. "Уақыты келеді ғой, түсіндіремін ғой дейін десем, ушығып бара жатыр. Енді жүректеріңіздің кеңдігіне, пейілдеріңізге, патша көңілдеріңізге салып, ағайын, қате кеткен, ағаттық жасаған жерім болса, Алланың атымен сіздерден кешірім сұраймын. Өйткені менің де жаныма қатты батып жатыр", — деді Төреғали Төреәлі.

Ал мұның алдында "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов Төреғали Төреәліні Павлодарда өткен концертінде шығып кетуін өтінген қонақтың алдында кешірім сұрауға шақырған еді. "Ақылың бар жігітсің ғой, Төреш! Елден безіп қайда барасың? Кешірім сұрап, ел алдына шық! Шашпен сырғаны жыр ғып жүргенде, қате болыпты мұның! Концертте ел тұрып кетпегеніне қарағанда, сол залдағылар сені түсінген ғой. Қатең болса мойындап, анық — қанығын айт! кешірімді xалықпыз! Түсінер сені!", — деп жазған еді әнші. Айта кетейік, тарап жатқан видеода әнші сахнада тұрып, залда отырған көрермендердің бірімен дөрекі әңгімелескен. "Қазір мына қыз суретке түсуге келіп тұр. Мен суретке түсейін бе, түспейін бе?" деп сұрайды әнші халықтан. "Түсетін болсам, ана отырған кісі залдан шығып кетсін" деп айтады. Оның сөздерін қолданушылар әрқалай бағалап отыр. Бірі халықты менсінбеді дегенді айтса, бірі бұл видеоның монтажға ұқсайтынын айтып қалды.