Төрелерге бейресми "Сұлтан&quot деген атақ берілу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрелерге бейресми "Сұлтан&quot деген атақ берілу керек

Төрелерге бейресми "Сұлтан" деген атақ берілу керек

 

  • 20 Маусым 2016
  • 1484
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы төре тұқымының ұрпақтарына «Сұлтан» деген атақ беру керек. Бұл туралы Caravan.kz. сайты жазады abai.kz-ға сілтемей жасай отырып.

Мұндай ұсынысты қазақ төрелері атынан Сұлтан-Аман Нұғманұлы Шотаев көтеруде.

Тарихтан белгілі, шығыс елдерінде есте жоқ ескі заманнан келе жатқан "Сұлтан" атауы бар. Кейінгі тарихымызда осы атақ қазақ  жерінде де  ел билеуші лауазымына, ұғымына айналған. Қазақ елінде "Сұлтан" атауы мән мағынасы сол қалпында сақталып, ол Шыңғыс Ханның тікелей тұқымына берілген. "Сұлтандарды" қазақ халқы — «төре» деп те атаған. "Сұлтандар" кезінде қоғамдағы көпшілік әлеуметтік ықпалды топ болған. Оларды қазақ халқы «ақсүйектер» деп атаған. Ақсүйек ұғымын әр қазақ жақсы түсінеді. Бұл ұғым қазақ арасында аристократия немесе элитаны білдіреді. (ҚҰЭ. 8 т. 91 бет).  

Қазақ жерінде Хан Шыңғыс ұрпақтары — төрелер сақталып қалған, олар баршылық. Сондықтан, қазақ төрелерінің ата–бабаларынан қалған жалғыз «мұра», казіргі демократия салтанат құрған зайырлы қоғамымызда, заманымызға лайықтап бейресми «Сұлтан» атағын қалпына келтіруге төрелер мен басқа ел-жұрт азаматтары қалай қарайсыздар?- депті Шотаев мырза.

 

Бейресми "Сұлтан" атағы ең алдымен алдыңғы қатарлы ел-жұртқа белгілі белсенді, білімді, ықпалды, жігерлі ата-тегі (шежіресі) нақты анықталған Хан Шыңғыс ұрпақтары төре тұқымдарына берілуі шарт.  Ол бейресми "Жоғарғы Мәртебелі Сұлтандық" «Грамота мен сұлтандық куәлікпен" расталып, бекітіледі. "Жоғарғы Мәртебелі  Сұлтандық" «Грамота» мен сұлтандық куәлікті" "Жоғары Мәртебелі Сұлтандар Кеңесі" қажет құжаттарды сараптап қарап шығып, шешім қабылдап, оны бекітіп, бейресми құжаттарды өз иелеріне салтанатты түрде табыс етеді. Ол атақтың ұрпақ тәрбиесіне тікелей әсері сөзсіз. Бейресми  "Сұлтандық" атақ мұрагерлікке ие.


Қазақ төрелері атынан

Дүние жүзілік Шыңғыс Хан Академиясының академигі

Сұлтан-Аман Нұғманұлы Шотаев