Төрешіні соққыға жыққан футболшы өмір бойына спорттан шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрешіні соққыға жыққан футболшы өмір бойына спорттан шеттетілді

Төрешіні соққыға жыққан футболшы өмір бойына спорттан шеттетілді

Португалияның үшінші дивизионындағы командалар ойынында дау шықты. "Канелас 2010" командасының шабуылшысы Марко Гонсалвеш алдымен қарсылас команданың ойыншысын, кейіннен төрешіні соққыға жыққан. Нәтижесінде футболшы өмір бойына спорттан шеттетілді.

Жасыл алаңдағы қақтығыс ойынның 2 минутында орын алған. Алдымен Марко Гонсалвеш қарсылас команданың ойыншысын жұдырықтап ұрады. Кейіннен "қызыл қағаз" көрсеткен төрешіні тізесімен дәл тұмсығынан тепкен. Алаңға тәртіп сақшылары шығып, футболшыны тұтқындаған. Ал ойын қақтығыстан кейін жалғасқан жоқ. Жарақат алған бас төреші ауруханаға жеткізілген. Дегенмен Марко Гонсалвеш алаңдағы қақтығыста өзін айыпты санамайды.

  • 5 Сәуiр 2017
  • 495
Фото - Caravan.kz

— Мен төрешіні қалай ұрғаным есімде жоқ. Шамасы ол мені кеудемнен итеріп жіберсе керек. Мен сот алдында оның отбасынан кешірім сұрауға дайынмын. Ал қарсылас команданың ойыншысы мені арандатуға тырысып, ауыр сөздер айтты. Балағаттады. Мен есемді жібергім келген жоқ. Жай түртіп қалғаным сол еді, жас бала секілді жылап жіберді. Төреші қызыл қағаз көрсетті. Мен оған әдейі қол көтерген жоқпын. Ол менің намысыма тиді, — деді футболшы.

Бір қызығы, "Канелас 2010" командасына қарсы өзге командалар ойнағысы келмейді екен. Команда осыған дейінгі 17 ойынның 16-да жеңіске жеткен. Оның 12-де қарсыластары ойнаудан бас тартқан. Себебі "Канелас 2010" футболшылары алаңда өте дөрекі ойнайтын көрінеді. Сондықтан да көбіне қарсыластары олармен ойнап жарақат алғанша, техникалық жеңіліс пен 750 еуро көлеміндегі айыппұлды төлей салуды жөн санайды екен.