Торғайда табылған 4 мыңжылдық ыдыста белгі көмегімен жолдау жазылған (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Торғайда табылған 4 мыңжылдық ыдыста белгі көмегімен жолдау жазылған (ФОТО)

Торғайда табылған 4 мыңжылдық ыдыста белгі көмегімен жолдау жазылған (ФОТО)

Қостанай облысында біздің дәуірімізге дейінгі II мың жыл бұрынғы көмбеден табылған синташта мәдениетіне жататын

  • 22 Маусым 2015
  • 558
Фото - Caravan.kz

Бестамақ кешенінің керамикалық ыдысы тарихи-өлкетану мұражайының бірегей жәдігеріне айналды, деп жазды «Наша газета».

Әдетте, «дара» көрмелер осындай бірегей экспонаттармен ерекшеленеді. Бұл ыдыс  синташта мәдениетінен табылған материалдық заттардың арасында ғана емес, әлемде аналогы жоқтығымен қызықты.

Оны 2007 жылы жазда Бестамақ зиратын қазған кезде тапты. Жәдігердің бірегейлілігі  — оған салынған ою-өрнектің ерекшелігінде.

 «Синташта мәдениетінің ыдыстарына  мұндай өрнек мүлдем тән емес.  Әдетте, бұл мәдениеттің керамикасы ешбір сюжеттік негізсіз геометриялық өрнекпен безендірілетін. Ал бұл ыдыс геометриялық фигурамен көрсетілген қандай да бір тарих жайлы сыр шертеді. Өрнек үш қатарға орналастырылған. Жоғары қатарда тізбекпен 12 ромб бар. Оның 11-іне крест салынған, біреуі бос. Бұл бос ромб ежелгі шебер айтқысы келген барлық тарихты «оқуды» бастайтын орын болса керек.  Екінші қатарда 6 сатылы діни белгі бейнеленген: 2-еуі үлкен де, 4-еуі кішкентай. Әрқайсысы пішінімен де, сәуле бағдары бойынша да  дара. Олардың кейбірінің ұшында белгілер бар. Үлкен белгілер безендірілмеген. Төменгі қатарда алты шеңбер бейнеленген. Оған крест және бір діни белгі салынған», — дейді мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері, археолог Алина Колбина.

2789084
        1 2  2789084

Перейти к новостям спорта