"ТорғайПетролеум" Бірлескен кәсіпорны "PetroKazakhstan Kumkol Resources" АҚ-нан 3 млн. баррель мұнайды қайтару туралы шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ТорғайПетролеум" Бірлескен кәсіпорны "PetroKazakhstan Kumkol Resources" АҚ-нан 3 млн. баррель мұнайды қайтару туралы шағым түсірді

"ТорғайПетролеум" Бірлескен кәсіпорны "PetroKazakhstan Kumkol Resources" АҚ-нан 3 млн. баррель мұнайды қайтару туралы шағым түсірді

"ТорғайПетролеум" ЖАҚ Қызылордадағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "PetroKazakhstan Inc" компаниясына қарасты "PetroKazakhstan Kumkol Resources" АҚ-ның үстінен 394,7 мың тонна немесе 3 млн. баррель мұнайды қайтару туралы шағым түсірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд." компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Мамыр 2005
  • 587
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мұнай өндіру технологиясына сәйкес, «ТорғайПетролеум» шығарған шикі мұнай «PetroKazakhstan Kumkol Resources» АҚ-ында алғашқы сатылы өңделіп, арықарай тасымалдау үшін «Қаз ТрансОйл» магистралдық жүйесіне жіберіледі. Алайда 2004-жылдық желтоқсанынан бастап «PetroKazakhstan Kumkol Resources» шикі мұнайды қабылдау мен оны «ҚазТрансОйл» магистралдық жүйесіне жолдауды доғарды. 2004-жылдың 29-желтоқсанында Қызылордадағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «PetroKazakhstan Kumkol Resources»АҚ-ына «ТорғайПетролеум» ЖАҚ-ның сұранымы бойынша мұнайды «Қаз ТрансОйл» магистралдық жүйесіне жолдауды міндеттеді. 2005-жылдың 1-тоқсанында «ТорғайПетролеум» ЖАҚ-ның «PetroKazakhstan Kumkol Resources»АҚ-ына жолдаған 891,5 мың тонна мұнайының 476,8 мың тоннасы ғана бірлескен кәсіпорынның нұқсауына сәйкес «Қаз ТрансОйл» жүйесіне жіберілген. Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 20 мың тонна мұнайды бұдан бұрынырақ «PetroKazakhstan Inc» компаниясына қарсы беріліп, қайтадан кері қайтарып алынған шағым бойынша кемені қамтамасыз ету шарасына сәйкес жіберу мүмкін болмаған. Сөйтіп, PetroKazakhstan Kumkol Resources, хабарламаға жүгінсек, «ТорғайПетролеум» ЖАҚ-ның 394,7 мың тонна мұнайын білермендікпен иемденіп алған.

ЛУКОЙЛ Оверсиз Құмкөл Б.В.» (50%) және PetroKazakhstan Inc. компанияларының 50 проценттік үлеспен бірлесе құрған «ТорғайПетролеум»ЖАҚ Құмкөл кенішінің солтүстік бөлігінде мұнай өндіреді.

Перейти к новостям спорта