"Төрт ай БИЧ-тердің қасында жүрдім, барлық жерді шарладым": Нысаналық актер отбасына қатысты шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Төрт ай БИЧ-тердің қасында жүрдім, барлық жерді шарладым": Нысаналық  актер отбасына қатысты шындықты жайып салды

"Төрт ай БИЧ-тердің қасында жүрдім, барлық жерді шарладым": Нысаналық актер отбасына қатысты шындықты жайып салды

"Нысана" театрының артисі, КВН жұлдызы Жарас Ахметов өнерден не себепті қол үзіп қалғанын түсіндірді. 

  • 9 Ақпан
  • 7447
Фото - Caravan.kz

Актер "Нұрлы жан" You Tube бағдарламасына берген сұхбатында әкесінің із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Анам, келіншегім, бес балам, бәріміз бірге тұрамыз. Төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмыз. 2007-жылы әкем жоғалып кетті. Қарындасымның үйіне барып, «Барлықтарыңа ризамын» деп бір-ақ ауыз сөз жазған. Соны әлі күнге дейін түсінбеймін. Бұл жағдайды тек ең жақын, жанашыр адамдарымыз ғана білетін. Еш жерге жариялап айтпағам. Бір жарым жыл іздедім. Қазақстан бойынша, қай жерден қандай сыбыс шығады, сол жерлердің бәріне бардым. Төрт ай БИЧ-тердің қасында жүрдім. Үйсіз-күйсіз жүрген кісілерге әкемнің суретін көрсетіп, олар бірдеңе айту үшін ас-суын әперіп, барлық жерді шарладым. Дерек шықпады. Әлі де үмітімізді үзбейміз. Осы сұхбатты көріп, бірақ, қайтып келуге ұялып отырса… бәрін кешіреміз. Табылып қалса нұр үстіне нұр болар еді. Әкенің орны бөлек.Мені таксист боп жүріп оқытқан. Өнерге барғанымды қатты қалап, Жүргенов атындағы өнер академиясына ертіп апарған еді. Әкемнен бір ұл, бір қызбыз. Сағынамыз, іздейміз. Әкемнің аты – Ахметов Кәміл Болатұлы. Көрген-білген адам болса, хабар берсеңіздер» , — дейді Жарас Ахметов. 
 

Соңғы жаңалықтар