Төрт әйел алса, төрт құбыласы түгел болар - Балғынбек Имашев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт әйел алса, төрт құбыласы түгел болар - Балғынбек Имашев

Төрт әйел алса, төрт құбыласы түгел болар - Балғынбек Имашев

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазіргі таңда әйел алу мәселесі жайында айтып берді.

  • 10 Қаңтар 2019
  • 735
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Айтыскер ақын желідегі парақшасында былай деп жазды:

"Маған көп әйелдер көмек сұрап хабарласып жатады. Күйеуіңіз қайда деп сұрасам, бала-шағасын тастап басқа әйелге кетіп қалды дейді. 
Бұл әйелдердің төзімсіздігі ме әлде еркектің жауапсыздығы ма? 
Ислам 4 әйелге дейінүйленуге рұқсат еткенмен үлкен жауапкершілікті, әділетті талап етеді. Бір әйелін асырай алмаған, ұрып-соққан, жәбірлеген еркекке үйленуге рұқсат жоқ. Бәріміз әлсіз пендеміз, бірақ әлсіз әйелдерге зорлық көрсеткен еркек — құлдыраған Залым, әйелінің алдында әлсіздік танытқан еркек — бұлдыраған Сағым, Әйеліне ақылшы, қорған, басшы болған еркек қана — шын ғұлама Ғалым. ***
Әйел біреу болса, ақылды болса еріне тіреу болар, 
Екеу болса, екеуінің тірлігі екі жақтан теріңді іреу болар.
Үшеу болса, күйеуінің көңілі жүдеу болар, 
Төртеу болса, төрт құбыласы түгел болар! 
Сондықтан, төрт құбыласын тең ұстай алмайтын еркек тыраштанбай "иманының жартысы" болатын біреуді алар".

Соңғы жаңалықтар