Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының ресми сайтында хабарланды. Катбертке 1974 жылы склероз диагнозы қойылған.
Катберт 100 м, 200 м, 400 м жүгіруден және 4х100 м эстафетасында олимпиадалық алтын медальдарды иеленген жалғыз спортшы. Бұл медальдарды ол екі Олимпиада — 1956 жылы Мельбурнде (100 м, 200 м және эстафета) және 1964 жылы Токиода (400 м) еншіледі.
2000 жылы Катберт Сиднейде олимпиада ойындарының ашылу рәсімінде алау ұстаушылардың бірі болды.