Төрт күн бойы іздестіріліп жатқан қыз жоғалмас бұрын таксишінің алып қашқанын айтыпты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт күн бойы іздестіріліп жатқан қыз жоғалмас бұрын таксишінің алып қашқанын айтыпты

Төрт күн бойы іздестіріліп жатқан қыз жоғалмас бұрын таксишінің алып қашқанын айтыпты

Ал Алматы облысында төрт күннен бері із-түзсіз жоғалған 20 жастағы студент іздестіріліп жатыр. 3-ші желтоқсан күні Жетіген ауылынан шығып кеткен бойжеткенді содан бері көрдім-білдім деген жан жоқ. Бірақ тәртіп сақшылары Айзада Авлатарованың қайда екенін анықтауға құлықсыз дейді туыстары. Сондықтан студент қызды достары мен еріктілер тобы іздестіруде. Әзірге нәтиже жоқ. Туыстары енді бойжеткенді ұрлаған азаматтардан қайтарып берулерін сұрап отыр.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 368
Фото - Caravan.kz

Айзада Авлатарованы іздеп табандарынан таусылған туыстары төрт күннен бері талай жерді шарлап шыққан. Алайда 20 жастағы қызды көрдім деген жан жоқ. Тусытары бойжеткенді алып қашты ма деп ойлайды. Сондықтан Айзада аман есен үйге қайтарса кешіруге де дайын. 

Гүлзара Зарелова, Айзада Авлатарованың туысы:

— Хотела бы обратиться к водителю. Пожалуйста, поймите наше положение. Мы вам навстречу пойдём. Пожалуйста, только верните нам Айзаду. Заявлений никаких не будет. Мы вообще всё скроем. Всё будет тихо. Только, чтобы она была целая и невридимая.

20 жастағы студент 3-ші желтоқсан күні Жетіген ауылынан таксиге мініп, Өтеген батыр кентіндегі оқу ордасына бет алған екен. Экономика және құқық колледжінің 1-ші курс студенті сол бойы білім ошағына келмеген. Бірақ жол-жөнекей достарына хабарласып, жүргізушінің басқа бағытқа кетіп бара жатқанын айтқан екен. Дауысы дірілдеп, қорқып тұрғаны байқалды — дейді достары.

Файзул, Айзада Авлатарованың досы:

— Ол маған хабарласып таксист Өтеген батыр кентіне емес басқа жолмен кетіп бара жатқанын айтты. Нақты қай жер екенін түсіндіріп бере алмады. Содан кейін бірден байланыс үзіліп кетті. Мен қанша қоңырау шалсам да телефоны өшіріліп тұрды.

Бойжеткен жоғалған күні-ақ полицияға арыз түскен. Бірақ одан бері төрт күн өтсе де тәртіп сақшылары іздестірмей отыр — дейді туыстары. Сондықтан Айзаданы ерікті жастар мен достары іздестіріп жатыр. Студент қыз әжесінің қолында өскен екен. Ал әкесі қайтыс болып, шешесі шетелге кетіп қалған. 

Соңғы жаңалықтар